19 Тамыз, 2019 Аймақтар
Биылғы жылдың 16 тамызында №16 орта мектепте «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Алмалы ауданы әкімінің аппараты, "Нұр Отан" партиясымен аудан кәсіпорындары бірлесіп көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық акциясын ұйымдастырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Акция барысында мұқтаж балаларға мектеп формасы, портфель, кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетілді.
Көмек алған балалардың ата-аналары мен қамқоршылары мейірімділік танытып қолдау көрсеткен мүдделі азаматтарға ризашылықтарын білдірді.
Биылғы жылы «Мектепке жол» акциясына ірі компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлер: «Metall Prom», «Baxus», «Enrise» және тағы басқа демеушілер қолдау көрсетті.
Алмалы ауданында тұрақты негізде біліммен қамтылмаған балаларды анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіліп, азаматтардың әлеуметтік көмекке жүгінуіне жедел жауап беру үшін қоғамдық қабылдау бөлмесі мен сенім телефоны құрылды. Әлеуметтік сала бөлімінің жұмыс теелфоны: 261-51-20, 272-79-12.
Жаңа оқу жылына жақсы көңіл - күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық акциясы әрбір баланың бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір