20 Тамыз, 2019 Саясат
Гүлшара Әбдіқалықова премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлықта.
Айта кетейік, таяуда Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұрлан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдыз Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданған еді.
Гүлшара Әбдіқалықова 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап вице-премьер қызметін атқарған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір