• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:45:21
Алматы
+35°

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Мәскеу оқу орындарының біріне магистратураға түсті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы айтыскер ақын инстаграмдағы жеке парақшасында жазды. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Ал құттықтап қойыңыздар.. Бүгіннен бастап Москва психоанализ институтының магистр-студентімін.. Бұл жерде менің атақ-абыройыма қарамайды, ақшамен тірлік бітіру деген жоқ..! Онлайн оқып отырып ай сайын есеп беріп отыратын боламын.. Менікі сырттай оқу.. Бағытым коучинг және жеке консультация..! Отбасылық тақырыптарды қосымша сабақ ретінде оқимын.. Бұйырса сіздердің игіліктеріңіз үшін еңбек ететін боламын.. @tmcedu ?

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

"Ал құттықтап қойыңыздар. Бүгіннен бастап Москва психоанализ институтының магистр-студентімін. Бұл жерде менің атақ-абыройыма қарамайды, ақшамен тірлік бітіру деген жоқ!", - деп, айтыскер оқуды ақшамен емес, өз білімімен оқимын дегенді меңзеген. 

Сырттай оқудың коучинг және жеке консультация бағытына таңдаған айтыскер қашықтықтан берілетін білімді ай сайын онлайн түрде оқып, есеп тапсырып отыратынын да жаза кеткен. 

"Отбасылық тақырыптарды қосымша сабақ ретінде оқимын. Бұйырса сіздердің игіліктеріңіз үшін еңбек ететін боламын", - дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Талай айтыстың сахнасында өнер көрсеткен отыздан астам темір тұлпар иегері Айнұр Тұрсынбаева соңғы уақыттарда айтыстан бөлек табыс көзін тауып, оқырмандары үшін әлеуметтік желіде психологиялық тренингтер өткізумен айналысып жүр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір