• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 07:16:06
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Марат Бопазов Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болып, аудандарды аралады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Марат Дәрібекұлының жұмыс сапары алдымен Байзақ ауданындағы Қызыл жұлдыз ауылдық округінде орналасқан "Rola-7" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен танысудан басталды. Он жылдан астам уақыттан бері макарон, кеспе, жайма, чабрец және ұн өнімдерін өндірумен айналысып келе жатқан серіктестік бүгінде бір жүз отыздан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Тәулігіне отыз тонна ұн және макарон өнімдерін шығаратын ұжым өз өнімдерін ел аумағынан бөлек Ресей мен Қырғызстан еліне экспорттап келеді. Өткен жылы "Кепілдеме" тетігі бойынша "Ресей жинақ банкі" АҚ-нан айналым қорын толықтыруға 60,0 миллион теңге қаржы алған. Аталмыш серіктестік "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының арқасында 2016 жылы "Пайыздық ставканы субсидиялау" тетігі арқылы "Халық банкі" АҚ-ынан он төрт пайызбен жалпы сомасы 165,5 миллион теңге несие алып, цех құрылысын тұрғызып, оған керекті құрал-жабдықтар сатып алған.

Мәжілісмен тоқтаған келесі нысан көкөніс, алма, дәнді дақылдар, мал азығы, ет пен сүт, шұжық және сүт өнімдерін шығарумен айналысатын "Агали" шаруа қожалығы болды. Мұнда сүт цехының жұмыс барысына куә болған Марат Бопазов шаруаларды толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде сұхбаттасты. Шаруа қожалық жетекшісі Наби Агалиев қосалқы шаруашылық арқылы атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Халық қалаулысы бұдан соң жеке кәсіпкер Владимир Лесняктың "Молочный бидончик" сүт өңдеу цехына барды. Сүт, айран, қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, йогурт сынды сүт өнімдерінің он сегіз түрін шығарумен шұғылданатын цехта бүгінде онға тарта адам еңбек етеді. Сапалы өнімге сұраныс жоғары болғандықтан болар, мұндағы өңделген өнімдер Алматы мен Тараз қалалары және облыс аумағындағы балабақшалар, емдеу мекемелеріне, сондай-ақ, орталық базарлар мен сауда орындарына шығарылуда екен.

Депутат Марат Дәрібекұлы өзі аралаған ұжымдардағы қайнаған тірлікке разы болғандығын жеткізді. «Маңыздысы халықтың әлеуметтік жағдайының жақсы болуы. Бәрі де өзіміздің қолымызда. Сол үшін санамызды өзгертіп, еңбектене білуіміз керек»,-деген мәжілісмен шаруалар қауымының еңбектеріне табыстар тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір