20 Тамыз, 2019 Маңғыстау облысы
Ақтау қаласында құрылысшылар мерекесіне орай облыстық деңгейде салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік кеште аймақ басшысы Серікбай Трұмов құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жыл ішінде еңбекте озат, кәсіпте табыстылығымен көзге түскен бір топ озат құрылысшыларды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы», «Құрметті жолшы» төсбелгілерімен, «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Жиында сөз алған өңір басшысы «Кез келген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты. Осы орайда, Маңғыстау өңірінде құрылыс саласы ерекше қарқынмен дамып, ауыз толтырып айтарлықтай қомақты табыстарға қол жеткізуде. Жыл сайын кәрі Каспий жағалауымен жапсарлас бой түзеген ақмаржан Ақтау келбеті көркейе, қанаты кеңи түсері анық. Осы орайда қызу еңбектің бел ортасында тер төгіп жүрген құрылыс-сәулет саласының «сайыпқырандарына» құрылыс саласын ілгерлету ісін тың серпінмен алға сүйреп, өңір экономикасының сан-саналы дамуына қосқан лайықты үлесіңіз үшін алғысымыз шексіз», - деп өзінің жылы лебізін білдірді.
Шара аясында құрылысшылар облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылын назардан тыс қалдырмай, балалар үйіне де қайырымдылық көмек көрсетіндіктерін жеткізді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір