• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 22:38:26
Алматы
+35°

Бүгінгі таңда ел тұрғындары үшін баспаналы болудың мүмкіндіктері көп. Мәселен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы халықты баспанамен қамтамасыз ету ісін ілгерілетуге оң ықпалын тигізуде. Нәтижесінде қолға алынған бағдарлама ел игілігіне қызмет етіп, әрбір азаматтың пәтерлі болуына мүмкіндік ұсынуда. Жамбыл облысында да «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспаналы болып, мерейі тасыған отбасылардың қатары жыл санап өсуде. Жыл сайын 2 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлап, бағдарлама талайдың алыс арманын жақындата түсті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен қатар енді қала тұрғындары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты бойынша жер теліміне қоса құрылысы аяқталған жеке тұрғын үй ала алады. Жеке тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу үшін тиісті жер телімі «бірыңғай құрылыс жүргізушіге» бөлініп берілген.

Қазіргі уақытта Жақан Сабалақов көшесінің (15 ықшамаудан) соңында жеке тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінге дейін 14 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 38 үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ елу үш үйдің құрылысы енді басталды.

Жалпы бұл үйлерді 2005-2006 жылдары жер кезегінде тұрғандар азаматтар ғана ала алады. Тараз қаласында 2005-2006 жылдары жер кезегінде тұрған азаматтардың саны-13 132. Ағымдағы жылдың наурыз айында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға жер телімдерінің бөлінуіне байланысты 3 300 азаматқа ескерту хат жолданды. Соның ішінде 60 азамат «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы облыстық филиалына жолдама алып, 10 азамат алдын ала төлем қабілеттілігінен өтті.

Сонымен қатар кезекте тұрған 8000 азаматқа бағдарламаға қатысу үшін ескерту хаттар дадйындалды. Бұл бағыттағы жұмыстарға еріктілер тартылып, ескерту хаттарды көрсетілген мекенжайға жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Ал, қала тұрғындары осы мәселе бойынша толғандырған кез келген сұрағына Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру бойынша арнайы құрылған штаб мамандарының көмегіне жүгініп, нақты жауап ала алады.

Егер бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстар өз уақытында аяқталып жатса, жыл соңына дейін тағы жүздеген отбасы баспаналы болу бақытына кенелетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір