• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 05:08:28
+35°

Білімді ұрпақ ел ертеңі. Ал жастардың біліктілігі мен білімін арттыруда мемлекет тарапынан жанданып жатқан бағдармалара аз емес. Әрине оның барлығы сапалы кадр мен сауатты ұрпақ даярлауға бағытталып жатқаны белгілі. Осы орайда Жамбыл облысы жастардың білімін шыңдауда көш ілгері келеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен Қордай ауданы әкімдігі бюджеті есебінен қаржыландырылатын 48 мектепте (1 бастауыш, 8 негізгі, 39 орта) 29297 оқушы және 9 мектептен тыс мекемеде 5247 бала білім алуда.

21 мемлекеттік балабақшада 2865, 36 жекеменшік балабақшада 3630, 15 шағын орталықта 812, жекеменшік шағын орталықта 260 барлығы 7307 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 92%, 3-6 жас аралығында 97,7% құрап отыр.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы желісінде 2019 жылы 1185 орынға 18 жекеменшік балабақша мен қосымша топтар ашылады деп жоспарлануда.

Жағдайы төмен отбасынан шыққан 2364 бала жергілікті бюджет есебінен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Шалғай жатқан, мектебі жоқ елді мекендердегі 95 бала аудан орталығындағы №3 Абай атындағы орта мектебі жанындағы интернатқа орналастырылып, тегін тамақпен қамтылды. Сондай-ақ, 320 оқушыға 9 елді мекенде тасымалдау ұйымдастырылған. (Сарыбастау, Көгадыр, Керу, Соғанды, Күнбатыс-1, Кақпатас, Отар, Әлжан ана, Шарбақты, Арал).

Аудан мектептерінің оқу кабинеттеріне қажетті 359 дана интерактивті құрылғылармен (компютер, проектор, экран) қамту үшін 179,5 млн. теңге қаралып отыр. Аталған қаражатқа ағымдағы жылдың соңына дейін аталған қондырғыларды сатып алу көзделуде.

Қазіргі заман талабы сандық технологияны меңгерген сауатты ұрпақ болмақ. Сондықтан да 2019 жылы аудан бойынша 9 мектепті робототехника кабинеттерімен қамтамасыз етуге- 54,6 млн теңге, 2 физика кабинеттермен қамтуға-14,5 млн. Теңге бөлінген.

Осынының есебінен аудан жастарының Ұлттық бірыңғай тестілеуде алып жатқан баллдары да жақсара түсуде. Бұл дегеніңіз ертең елді мекеннен білікті ғалым да, ұстаз да, заңгер де, қаржыгер де, тіптен келген де техник мамандары шығады деген сөз. Ал одан еліміздің экономикасы өрістемесе, бүгінгі биігінен аласармайтыны анық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір