• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:09:24
Алматы
+12°

09 Мамыр, 2013 NEWS

16 желтоқсан: балтаның басымен шетелге жеткен шындық

Бүгінде аңыздан ақиқатқа айналған сонау 1986 жылғы желтоқсанда Алматыдағы қазақ жастарының бас көтерулеріне тікелей араласып, көзсіз ерлікке барған мына бір...

 

Бүгінде аңыздан ақиқатқа айналған сонау 1986 жылғы желтоқсанда Алматыдағы қазақ жастарының бас көтерулеріне тікелей араласып, көзсіз ерлікке барған мына бір азаматтарды айрықша еске алған жөн сияқты.

Алаштың арда ұлдары: филосф-ғалым, саяси күрескер Сәбетқазы Ақатай мен этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы сол бір қаһарлы күндері жеке бастарының қауіп-қатеріне қарамай, жастармен бірге алаңға барып, кейін Желтоқсан туралы шындықты егжей-тегжейлі зерттеп, жинаған құжаттарын Алматының әр түкпіріне жасырып, КГБ тарапынан қуғынға түскендері өз алдына таусылмайтын бір әңгіме.

Әсіресе, Сәбетқазы Ақатай мен Жағда Бабалықұлының Желтоқсан туралы шындықты алыс шетелдегілерге жеткізу жолындағы әрекеттері кімді де болса таңғалдырады.

Мәселен, осы екі азамат Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі туралы мәліметтерді фото-пленкаға кішірейтіп түсіріп, оны арнайы сатып алған балтаның темір бастарына егеп кіргізіп, тесікті қайтадан балқытып жауып, Қытайдағы, Араб елдеріндегі, Батыстағы, АҚШ-тағы таныстарына "сәлем-сауқат" ретінде жөнелтулерінде көзсіз ерлік жатыр емес пе. Сол "сәлем-сауқаттардың" Қытайдан басқа мемлекеттерге аман-есен жетіп, ондағылар ашып-оқып, Желтоқсан туралы шындық әлем назарына алғаш рет солай ілінгенін бүгіндері біреу білсе, біреу білмейді. Сол кезде Сәбең тұрған үйдің подвалына КГБ-дан жасыру үшін арнайы тығылған құжаттардың қазіргі тағдыры да беймағлұм күйінде қалуда.

Сәбетқазы марқұмның көз жұмғанына да көп жыл болды. Ал Жағда Бабалықұлы ақсақал  да қайтыс болғалы аз жыл өткен жоқ.

           

     Жұмаш КӨКБӨРІ, ақын.

 

 

 

 

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір