06 Қыркүйек, 2019 Оқиғалар
Алматыда Жетісу ауданында базарда шыққан өртті сөндіру үшін ІІМ ТЖК мен қала әкімдігі авиацияны көтереді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Өрт туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлаған болатын.
Ақпараттарға сүйенсек, металлпластикалық бұйымдар сақталатын бір қабатты қоймада өрт басталған. Өрттің жақын орналасқан қойма үй-жайларына өту қаупі төнген.
"Северное Кольцо көшесі, 78/1. Алдын ала ақпарат бойынша, "Мизам" базарының аумағында контейнер жанып жатыр. Оқиға болған жерде жеке құрамның 43 қызметкері және 12 техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, автопоезд және қосымша көліктер жіберіледі", - деді қалалық ТЖД өкілдері.
ТЖД нақтылаған мәліметтер бойынша, базар аумағында жеке тұрған қойма жанып жатыр. Мұның алдында "Мизам" нарығы туралы БАҚ өкілдері жазған. Сол кезде Алматы әкімдігі базармен келісім-шартты бұзады деп хабарланған болатын.
"МСҚБ басқармасы "Мизам" базары рұқсат құжатынсыз және қала кеңесінде айтылған міндеттемелерін бұзып, сегіз мың шаршы метр алаңды алатын теңіз контейнерлерінен қалаға машықтанбаған базар салғанын анықтады", - деп хабарлаған Алматы әкімдігі.
Алматы құтқару қызметінің Ми-8 және "Қазавиақұтқарудың" К-32 тікұшақтары өртті әуеден сөндіреді. Қазіргі уақытта әуе көліктері ұшуға дайындалып жатыр. Базардағы қоймадағы өрт күшейіп барады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір