06 Қыркүйек, 2019 Оқиғалар
Бүгін, 6 қыркүйекте Алматыдағы "Барахолка" базарында түскі уақытта басталған өрт сөндіріліп бітті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы агенттіктің оқиға орнында жүрген тілшісіне Алматы қаласы Алатау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нариман Ержанов айтты.
Ержановтың айтуынша, өрттің ауданы 2200 шаршы метрді құраған.
"Алдын ала деректер бойынша өрттің жалпы аумағы 2200 шаршы мертді құрады. Өрт сағат 17.09-да сөндіріліп бітті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті сөндіру үшін Қазавиақұтқару (КА-32) және ССА-109 (МИ-8) борттарымен 29 рет су шашылды", - деді Ержанов.
"Қамшы. кз" тілшісінің айтуынша, өрт сөндірушілер қазір өрт шыққан қоймадағы бықсып жанып жатқан кішігірім өртті сөндірумен айналысып жатыр.
Ескерте кетейік, 6 қыркүйекте түскі уақытта "Барахолка" базарында бірқабатты металл-пластика сақталған қойма өртенді.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті "Өртеніп жатқан қойманың қабырғасы кірпіштен қаланған, Шатыры - темір" деп хабарлады .
Бұған дейін алматылықтар "Барахолка" атап кеткен базарда 2012, 2013, 2014, 2016, 2018 жылдары бірнеше мәрте өрт болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір