09 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар
Бонус алғандар байып барады...
Әділеттілік қайда?!
Жұрт алған несиесін жаба алмай жатыр. Соңғы бір аптада редакция телефонында тыным жоқ. Біз тізімге ілінбей қалған отбасылар мен жалғызбасты аналардың жанайқайын тиісті министрліктерге жеткізуге тырысып жатырмыз. Енді қалған мәселені солар шешетін шығар. Бүгін де бірқатар адамдар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ғимаратына кірді. Жағдайын, жанайқайын айтып жатыр. Өйткені несиені жабуға шамалары келмейді. Бәрі де қарызды банктен алған. Ал банктегілер не істеп отыр деңіз. Әлеуметтік желіде Қазақстанның бірқатар банктерінің басқарма мүшелерінің 2018 жылы қанша бонус алғаны жөнінде ақпарат тарап жатыр. Енді сұмдық. Ондай бонус алғандар байымағанда қайтеді?!
...Ал сол банктен кредит алған адамдар министрліктің маңайында жүр. Өйткені несиесі әлі кешірілмеген. Олар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі жасаған тізімге енбей қалған. Ал олардың жанайқайын кім естиді?!
...Бонус алғандар байып, несие алғандар тақырланып барады. Әділеттілік қайда?!
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір