• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 19:29:06
Алматы
+35°

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев қала басшысымен кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған коммуналдық мәселелердің шешілуі туралы айтып берді.

Almaty.gov.kz сайтының жазуынша, Алатау ауданына қарасты 11 ықшамауданында, атап айтқанда, «Әйгерім», «Өжет», «14-территория», «Ақбұлақ», «Шаңырақ-5», «Самғау», «Көкқайнар», «Қарасу», «Шапағат», «Алғабас», «Боралдайда» су құбыры және канализация желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жалпы ұзындығы – 333 шақырым болса, соның ішінде ауыз су құбыры – 180 шақырым, кәріз жүйесі – 153 шақырым.

Сондай-ақ, қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Әйгерім-1,2», «Дархан-Байбесік», «Шаңырақ-1,2», «Шапағат», «Өжет», «Томирис» және «Боралдай» ықшамаудандарының 65 көшесінде жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын сыртқы көше жарығының құрылысы жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың 14 қазанына жоспарланып отыр.

Бұданөзге, «13-14 территория», «Қарасу», «Дархан», «Самғау», «Ақбұлақ», «Шаңырақ-2», «Әйгерім-1» және «Өжет» ықшамаудандарының 23 көшесінде жалпы ұзындығы 4,5 шақырым болатын арық желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар осы жылдың 30 қарашасына дейін аяқталмақ. Сондай-ақ иесіз желілерді коммуналдық меншікке беру жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы сот шешіміне сәйкес электр желісінің шамамен 140 шақырымы иесіз деп танылды. Өз уақытында бұл желілерді тұрғындар өздері салған.

Желілер қаламен қызмет көрсетушілер балансына өткеннен кейін аудан тұрғындары желілерді жөндеумен жұмыс жағдайында ұстау үшін артық төлемнен құтылып қана қоймай, жалпы қалалық тарифтер бойынша төлем жүргізетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір