13 Қыркүйек, 2019 NEWS
Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін, 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов оның кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
1975 жылы туған Әбдірахымов Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, "Болашақ" бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқып, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.
Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі болған Әбдірахымовты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз айында қызметінен алып тастаған. Оның әкім қызметінен босатылуын Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев "Биліктің беделіне нұқсан келтіреді. Бүгінде Әбдірахымовқа артылған саяси сенім түгесілді" деп түсіндірген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір