• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:05:38
+35°

Ақтөбеде 34 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі aktobenews.kz сайтына сілтеме жасап. 

ЖОО мұғалімдердің диплом алғандарын растамады.

34 мұғалімнің 13-і балабақшада, 11-і орта мектептерде, 7-еуі колледждерде, 3-еуі қалған білім ордаларында жұмыс істейді. Бес мұғалім музыка колледжінде «фортепиано» мамандығы бойынша жоғары білім дипломдарымен сабақ беріп жүр. Алайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде мұндай мамандықпен түлектер даярланбаған.

Жалған құжаттарды пайдаланған адамдарды жауапкершілікке тарту және жалған құжаттарды әзірлеген адамдарды анықтау үшін материал ішкі істер органдарына жолданды.

Ақтөбе қаласының әкімі және білім басқармасының атына заңсыздықты жою туралы ұсыныс жасалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір