• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 12:46:43
+12°

Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтті, оның салдарынан екі адам қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Шамалған станциясындағы жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тапты және 9 адам зардап шекті. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, оқиға орнында Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев бар. Алдағы ауруханалар күшейтілген тәртіпке өтті", - деп хабарлады облыс әкімдігіндегілер.

Ал мұның алдында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі оқиғаның мән-жайын айтқан еді. Төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған.  "Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов.

"Алматы облысы ТЖД Қарасай ауданы Шамалған станциясының теміржол жолында болған оқиғаға байланысты жедел штаб құрылды. Байланыс телефондары (87282) 220213, 220018. Сондай-ақ, Алматы қаласы ТЖД-де (8727) 2782083, 2782084 телефондары бойынша жедел байланыс ұйымдастырылды", - деп хабарлады ТЖК өкілдері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір