• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:54:37
Алматы
+12°

Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Түпқараған ауданының әкімі Айдос Хамиев мәлімдеді.

Ауданда халық саны 1 шілдедегі есеп бойынша 32 мың адамды құрады, немесе өткен жылмен салыстырғанда 5,3%. Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі қаңтар-қыркүйек айларына 422,4 млрд. теңгені құрады, немесе өткен жылмен салыстырғанда 26,5% артқан. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауданда 2,8 млн. тонна шикі мұнай өндірілді, бұл облыс деңгейінің 23,4 пайызын құрайды.Нақты көлем индекстері 7 пайызға төмендеген. Төмендеп кету себебі аудан кәсіпорындарының шикі мұнай өндіру көрсеткіштерінің төмендеуімен байланысты болып отыр. Қазіргі таңда Бозащы және Доңға мұнай компанияларымен жыл аяғына дейін өнім өндіру көлемін арттыру бойынша келіссөздер жүргізілуде»,-деді А.Таңғалиұлы.

Ауылшаруашылық саласы бойынша ауданда екі бағытта: егін мен мал шаруашылығы бойынша дамуда. Ауыл шаруашылық өнімдерінің 2019 жылға жоспарланған көлемі 2 млрд. Теңгені құраған.

Ауыл шаруашылық өнімдері қаңтар-тамыз айларына орындалысы 1,2 млрд. теңге немесе 100,4% болған. 2019 жылы өсімдік шаруашылығы бойынша 230 га егін егіліп, 1,3 млрд. теңге болатын 2000 тонна өнім алу жоспарға қойылды. Барлық егін шаруашылықтары тамшылатып суару әдісіне көшірілді. Аудан бойынша 143 шаруа қожалығы тіркелген, оның 31 шаруа қожалығы егінмен, ал 112 - мал шаруашылығымен айналысады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 31 млрд теңгені құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 19,2% жоғары.

Құрылыс жұмыстарының көлемі қаңтар-тамыз айына құрылыс жұмыстарының көлемі 8,3 млрд. теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есеге көп.

Кәсіпкерлерді қолдау бағытында 2019 жылдың есепті кезеңінде 25 адамға 123,8 млн. теңге несие беріліп, 39 жұмыс орны құрылды.

«Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасымен 2019 жылда 75,9 млн. теңгенің 3 жобасы қаржыландырылды. Қазір банктердің қарауында 7 жоба бар. Жалпы сомасы 148,9 млн. теңге.

Барлық экономикалық қызмет түрлерінің жұмысшыларының орташа жалақысы 2019 жылдың есепті кезеңінде 185 мың теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 5,6%-ға азайған.

Аудан бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегіне шағын және орта кәсіпкерлік саласының тіркелген субъектілерінің саны 2041 бірлікті құрады, ол 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9% жоғары. Белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1851, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7% артты. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар 3668 адамды құрап, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4% артты. Шығарылған өнім 5 млрд. теңге немесе 124,7% құрады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2019 жылға 3 кезеңмен 104 адамды оқытылып, 72 жоба қорғалды.  Жастар үшін ашылған оқуға 44 жас оқытылып, олардың 28  бизнес жобаларын қорғады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір