• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:48:25
Алматы
+35°

Бүгін, 17 қыркүйекте бокстан Екатеринбургта (Ресей) өтіп жатқан әлем чемпинонатында жеті салмақ бойынша 1/8 финал жекпе-жектері өтеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қазақстан боксшылары жеті салмақта да жұдырықтасады. 

Кім-кіммен шығады? 

52 килограмда Сәкен Бибосынов ширек финал жолдамасы үшін Олимпиада ойындарының күміс, әлем чемпионатының қола жүлдегері Юрберхен Мартинеспен (Колумбия) жұдырықтасады. Түркістан облысының тумасы Бибосынов бұған дейін монғол боксшысы Энхмандаха Харкууды 3-2 есебімен ұтқан. Бұл салмақта атақты боксшылардан Рио (2016) Олимпиадасының чемпионы Шахбордин Зоиров (Өзбекстан), әлем чемпионы Йосвани Вейтия (Куба), Еуропа чемпионы Даниел Асенов (Болгария), Еуропаның екі дүркін чемпионы Василий Егоров, Азия чемпионатының жүлдегері Азат Үсеналиев (Қырғызстан), Еуропа жүлдергі Галал Юфай (Англия) бар. 

57 килограмда әлем чемпионы (2017 Гамбург) Қайрат Ералиев Тайланд боксшысы  Чатчай Бутдиге қарсы жұдырықтасады. Ералиев бұған дейін венесуэльлалық Йоэл Финоля Ривасаты ұтқан. 

63 килограмда Зәкір Сафиуллин 1/8 финалда әлем чемпионы Энди Крузга (Куба) қарсы жұдырықтасады. Кубалық боксшы осы салмақтағы номері бірінші боксшы. Ол 2017 жылы Гамбургте (Германия) өткен әлем чемпионатында алтын медаль алған. 

69 килограмда Абылайхан Жүсіпов Ник Сырамен кездеседі (Германия). 

81 килограмда Бекзат Нұрдәулетов Кено Мачадомен  (Бразилия) жұдырықтасады. 

91 килограмда Василий Левит  ширек финал жолдамасына украиналық Марат Григорянмен таласады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдергері Левит бұған дейін Давид Михалеконы (Славакия) жеңді. 

+91 килограмда Қамшыбек Қоңқабаев  испаниялық Аюб Кадфамен жұдырықтасады. 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпинатында күміс жүлде алған Қоңбаев үшін бұл кездесу осы жарыстағы алғашқы жекпе-жек болмақ. 

Ескерте кетейік, 75 килограмда жұдырықтасатын Тұрсынбай Құлахмет кеше, 16 қыркүйекте 1/8 финалда Хавьер Мартинесті (АҚШ) ұтып, Қазақстан боксшыларының арасынан алғаш болып ширек финалға жолдама алды. 

1/8 финал жекпе-жектерінің тікелей трансляциясы:

А рингі

В рингі

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір