• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:47:48
Алматы
+35°

Бүгін, 17 қыркүйекте Қазақстан боксшысы Сәкен Бибосынов Екатеринбургте (Ресей) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол 1/8 финалында Рио Олимпиадасының күміс жүлдерегі, әлем чемпионатының қола жүлдегері Юберхен Мартинесті (Колумбия) ұтты. Бес төреші де жеңісті Бибосыновқа берді. 

Ширек финалда Бибосынов Рио Олимпиадасының қатысушысы, 2019 жылғы жазғы Еуропа Ойындарының чемпионы Артур Оганесян (Армения) жұдырықтасады. 

Осы салмақтың үздігі саналатын әлем чемпионы Йосвани Вейтия (Куба) 1/8 финалда англиялық Галал Яфайға ұтылып қалды. Сондай-ақ, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропаның екі дүркін чемпионы ресейлік Василий Егоров та 1/8 финалда француз боксшысы Биллал Беннамадан жеңіліп, ширек финалға шыға алмады. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір