19 Қыркүйек, 2019 Оқиғалар
19 қыркүйекте таңертеңгі сағат 11.00 шамасында Нұр-Сұлтанда бір топ әйел Ақорда маңына жиналып, биліктен әлеуметтік мәселелерін шешіп беруді талап етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.
Азаттық Радиосының жазуынша, наразы әйелдер баспана кезегінің жылжымай жатқанын, атаулы әлеуметтік көмек ала алмай отырғанын айтып, елдің бірінші президенті, "Нұр Отан" басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, депутаттар мен "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің шығуын талап етті, "Байбек!", "Елбасы" деп айқайлаған.
Көп балалы аналардың наразылығы әлі жалғасып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір