03 Тамыз, 2019 Барлық аймақтар
Судья халықтың тілінде сөйлей ала ма? Төраға не дейді?
Кез келген адам судья бола алмайды
Жалпы өмірде жаза басып, бас бостандығынан айрылып жатқандар қаншама? Оларға сот үкімі оқылады. Мұндай жағдай ешкімге, атап айтқанда бас бостандығынан айрылған адамдарға оңай тимейтіні анық. Негізі жазықты адам жазасын алуы тиіс. Бірақ үкімді оқыған судьяны неге сот алдына келген адамдар өте қатал көреді. Ол жазаны өтеу мерзімін ешқашан ойдан шығармайды. Сондықтан да жаза мерзімін оқылғанда, қылмыскердің залда отырған туыстары кейде шу шығарып жатады. Әрине, оларды да кінәлауға болмайды. Бірақ ешкім заңның аясынан тыс қызмет етпейді. Десек те, қазіргі уақыттағы сот құрылымындарында іргелі өзгерістер жүріп жатыр. Ол қандай? Жалпы бұл сауалды бекер қойып отырған жоқпыз. Өйткені Жоғары сот төрағасы Жақып Асанов жаңашыл азамат екендігін көрсетті. Расын айту керек, төраға сот саласында іргелі реформалар жасап жатыр. Қазір «Түнгі сот» деген шықты. Егер түнгі уақытта жол-көлік апаты орын алған жағдайда екі тарап келіссе, онда дереу шұғыл шешім үшін судьяға жүгінеді. Ал бұрын мұндай жүйенің уақыты алты 1 айға дейін созылатын. Бүгінде олай емес. Бәрі өзгеше. Өйткені сотқа да сапа керек.
Ал судьяларды үкім шығаратын қатал тұлға етіп елестетпеу үшін не істеу керек? Судья да–адам. Бірақ олардың тілін халық неге түсіне бермейді. Ол үшін не жасалынғаны дұрыс? Жобада атап көрсетілгендей, «Мінсіз судья» болу үшін не істеу керек? Біз бұл сауалды Жоғары соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасовқа қойғанбыз. Ол өз кезегінде Жоғары Сот төрағасы Жақып Асановтың бұған қатысты айтқан пікірін жіберді. Сонымен халық судьяның тілін неге түсінбейді?
–Бұл жерде өзекті деген 2 проблема бар, – дейді Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов. –Біріншісі. Құрылым, мазмұны және формасы. Неше түрлі «таңғажайып», «мықты» шешімдерді көріп жүрген шығарсыздар. Оны ЖС судьялары да бір оқығаннан бірден түсіне қоймайды. Эксперттердің айтуынша, түсініксіз терминдерді, күрделі және шұбалаңқы сөйлемдерді қолдану, ұсақ шрифтті пайдалану нағыз алаяқтықпен тең.
Екінші мәселе.Судья шешімді жария еткеннен кейін оны түсіндіруі керек. Жай адамдар заңның тілін түсіне бермейді. Соның салдарынан шиеленістер туындайды. Судья өзінің шешімін халықтың тілімен түсіндіре білуі тиіс. Әрбір судья солай жасайтын болса, сонда ғана арыз-шағымдар біршама азаяр еді».
Шынында да сотқа төрелік айтатын адамды, нақты айтқанда судьяны сіз қалай көргіңіз кереді. Олар - адам. Сондықтан төраға айтқандай, олар«шешімін халықтың тілінде түсіндіріп беруі тиіс».
Дұрыс -ақ. Халыққа судья жақын болуы тиіс. Бұл орайда Жоғары Сот төрағасы Жақып Асановтың республика судьяларына бірнеше рет жолдаған бейнеүндеу жолдады. Ол туралы сот саласының өкілдері толыққанды хабардар. Бұл бейнеүндеумен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де таныс. Негізі мұның барлығы сот саласындағы іргелі өзгерістердің болып жатқанын көрсетіп отыр.
Жоғары сот төрағасы Жақып Асанов бұл орайда «сотқа келген азаматтармен сыпайы сөйлесу арқылы ғана құрметке ие болудың мүмкін» екендігін айтады. Дұрыс сөз, оған біздің алып қосарымыз жоқ. Расында шығарылған шешімді ашық, айқын түсіндірудің мәні үлкен екендігін төраға соңғы сөйлеген сөздерінде жиі айтып жүр.
Расын айту керек, соңғы жылдары судьяға деген сұраныс бірнеше өсті. Сұраныс өскенімен, бірақ судья болу неге қиын? Кез келген адам судья бола алмайды. Мұны қалай түсіндіруге болады? Себебі не? Өйткені...
- Сот саласында үлкен өзгерістер болып жатыр.
- Судьялар бірнеше кезеңге бөлінген сынақ тапсырады.
- Олардың жұмысы бағаланады.
- Кездейсоқ адамдар судья бола алмайды.
- Олар бірнеше сатылық тесттен өтеді.
- Ең соңында Жоғары Сотта қызмет істейтін 5-6 судьяның алдында сауалдарына жауап береді.
- Іріктеу әділ және бәсекелестік жағдайда өтеді.
- Олардың біліктілік пен білімділігі, сауаттылығы, логикалық ойлау жүйесі айқын тексеріледі.
Сондықтан қазіргі уақытта судья болуға деген ұмтылыс түсінуге тұрарлық. Бірақ кез келген заңгер судья бола алмайды. Сондықтан да болар, соңғы жылдары сот саласындағы жемқорлық азайды.
Сот саласын жаңғырту туралы Президенттің арнайы тапсырмасы бар. Ол сөзсіз орындалуы керек. Ал өзгерістің болуы –заман талабы. Бірақ айта кететін бір нәрсе бар: қарапайым халықтың сот орындарына, судьяға деген сенімі қашан артады? Рас, қазір сот саласында іргелі реформалар жасалынып жатыр. Бірақ бұл мәселе ең алдымен халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыруға байланысты. Ал құқықтық жағынан сауатты халық ешқашан тәртіп пен заңды бұзбайды. Ал тәртіппен, адал жүрген болған сот алдында жүрмейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір