23 Қыркүйек, 2019 Әлем
Актер Джеки Чан қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған #Abai175 флешмобына қатысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Президенті бастаған поэзиялық челленджді досым Ерлан Кариннен қабыл алдым", - дейді Джеки Чан. Ол Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" атты өлеңін оқыды.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойған. Оның алдында Президент 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекітуді тапсырған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір