• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:33:46
Алматы
+12°

25 Қыркүйек, 2019 Барлық аймақтар

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда кедейліктің деңгейі 10 есе төмендеді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің Елордада өткен парламент спикерлерінің IV кеңесінде мәлім етті.

Тұңғыш Президент Қазақстанда инфляция 3 мың пайызға жеткен тұста елдің тәуелсіздік  алғанын, ал дүкендерде алатын түк қалмай, сөрелер бос болғанын тілге тиек етті.

–Барлық өндіріс орындары тоқтады, елде жұмыссыздық жайлады, тіпті зейнетақы мен жалақыны төлеу мүмкін болмады. Бірақ біз нарықтық экономиканы құрып, бұл жолдан аман-есен өттік. Бүгінгі таңда елдің жалпы ішкі өнімі 18 есе өсті. Экономиканың көлемі Орта Азия елдерінің жалпы ішкі өнімі деңгейінен екі есе жоғары. Доллармен шаққанда, халықтың табысы 9 есе артты, ал кедейліктің деңгейі 10 есе төмендеді, –деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.  

Елбасының айтуынша, соңғы 20 жылда сырттан тартылған тікелей шетел инвестициясы 320  миллиард долларға жетті. Бұл сала бойынша еліміз аймақта бірінші орынды бермей тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір