• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:10:20
Алматы
+35°

Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қазақстан оқулықтарының бағдарламасына енді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші телеарнасына сілтеме жасап. 

Димаштың өнеріне қатысты тапсырмалар 10-сыныптың қазақ тілі оқулығының беттерінде пайда болған. Мұғалімдердің айтуынша, бұл ақпарат оларды қуантып тастаған. Нұр-сұлтан қаласындағы №30 гимназияда аталмыш оқулық бір ай бұрын қолға тиген.

"Димаш туралы оқулықтың 25-інші бетінде тапсырма берілген. Бқл ақпаратқа атты қуандық, себебі қазіргі кездің танымал тұлғалары туралы мысал таба алмайтынбыз. Димаш - біздің оқушыларымыз, өсіп келе жатқан ұрпақ үлгі тұтатын адам", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының №30 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі. 

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қытай оқулықтарына енгені хабарланған. Сонымен қатар, оның құрметіне тікұшақ атауы қойылған. Ал Ақтөбеде "Димаш бақшасын" құрылса, Алматыда әншінің құрметіне жаңа шай өнімі шыққан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір