• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:06:51
Алматы
+35°

Бірінші жартылай орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Мигель Васкесті жеңді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жек Канаданың Монреаль қаласындағы үлкен бокс кешінде өтті. Боксшылар WBA Continental және IBF Inter-Continental титулдарын сарапқа салған. 

Жүкембаев - Васкес жекпе-жегі жоспарланған 10 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілердің барлығы жеңісті  (100:90, 99:91, 99:91) Жүкембаевқа берді.

28 жастағы Жүкембаев кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген спортшы. Ол 17 жекпе-жегінің 13-ін мерзімінен бұрын аяқтап, жеңісе жеткен.

Ал бұған дейін 41 жеңісі болған 32 жастағы Васкес тоғызыншы рет жеңіліп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір