27 Қыркүйек, 2019 Әлем
Сауда Арабиясы мұнайға деген экономикалық тәуелділіктен құтылу мақсатында алғаш рет шет елдік туристерге арнап өз есігін ашуда.
Келесі аптадан бастап 49 мемлекетке визалық жүйе енгізіп, қыдырып келген әйелдерге арналған қатаң заңдарын жеңілдетеді. Оларға әйелдері киетін хиджабты кию талап етілмейді, сонда да барынша қарапайым, жабық болуы керек.
Мемлекеттің туризм министрі Ахмад аль-Хатиб бұған "тарихи оқиға" деп баға берді. Алайда қажылық жасау үшін, іскерлік және жұмыс жасау мақсатында келетіндерге бұл виза жарамсыз.
Патшалық ішкі туризмді жақсарту мақсатында шет елдік инвестицияны көбірек құйғысы келеді. Мемлекеттің ауқымды экономикалық реформаларының негізінде жүзеге асыра отырып, 2030 жылға қарай халықаралық және ішкі туризмді жылына 100 миллионға жеткізгісі келеді. Миллиондаған туристік жұмыс орындарын ашу да көзделуде.
Дереккөз: BBC NEWS
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір