• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 03:42:52
Алматы
+35°

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша Жамбыл облысы Талас ауданындағы 23 ауылдық елді мекеннің (24964 адам) бүгінгі күні 13 елді мекені (18793 адам) ауыз су жүйесіне қосылған. Сол сияқты Қаратау қаласы ауызсу жүйесі 100 пайыз тартылып отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

12 елді мекендегі 20632 адамның 16760 адамы ауыз сумен қамтылған немесе 81%. Жалпы 23 елді мекендегі 25018 адамның 16760 адамы қамтылып немесе 67%.

Есейхан ауылында су құбыры жүйесінің құрылысына 2018 жылға 302 млн. 201 мың теңге бөлінген, 2019 жылы жұмыстарды аяқтауға 303 млн. 359 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сметалық құны 620 млн. 857 мың теңге. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қазан айында. (Мердігер «МонолитДизайн-2030» ЖШС-і).

Сонымен қатар, Қасқабұлақ ауылындағы су жүйесінің құрылысына 767 млн. 178 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Мердігер «Fortis» ЖШС-і. Нысан 31.12.2019 жылы пайдалануға беріледі.

Бұдан бөлек, Майтөбе ауылын су жүйесінің құрылысына 111 млн. 111 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жоба құны 336 млн. 707 мың теңге. Мердігер «Пырақ Құрылыс» ЖШС-і. Нысан 2020 жылы пайдалануға беріледі.

Қаратау қаласындағы нысандарға ауыз судың сервистік жүйенің қалпына (әлеуметтік нысандар, көп қабатты тұрғын үйлер) келтіру нысанының құрылыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 62 млн. 892 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды. (Жоба құны 67 млн. 892 мың теңге, 2018 жылы 5000,0 мың теңге бөлінген);

Қаратау қаласының су жүйесінде екі проблемалық нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Көктал су қоймасынан шығатын 32 шақырымды құрайтын су құбыры және «Кирпичный» су қоймасынан «Игілік» кәсіпорнының жылу қазандығына дейін 4,6 шақырымды құрайтын су құбыры. Жалпы жобалардың құны 3 млрд. 420 млн. 19 мың теңгені құрауда.

1963 жылы пайдалануға берілген Көктал су қоймасынан шығатын 32 шақырымды құрайтын су құбырының тозығы жеткен. Бұл бойынша облыстық бюджеттен 11 млн 609 мың. теңге бөлініп, ЖСҚ жасалынды, жоба құны 2 млрд. 848 млн.300 мың теңге.

Қаратау қаласының орталық жылу қазандығына жылыту маусымында су алатын «Кирпичный» су қоймасынан «Игілік» КМК-ның жылу қазандығына дейін 4,6 шақырымды құрайтын су құбырының тозығы жеткен. Аталған су құбыры 1984 жылы пайдалануға берілген. Сол себепті резервті су құбырын тарту үшін облыстық бюджеттен 11 млн. 365 мың теңге бөлініп, ЖСҚ жасалынды. Жалпы жобаның құны 571 млн. 719 мың теңге. Қазіргі таңда МС өтуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір