• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:58:51
Алматы
+12°

Талас ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі артып келеді. Атап айтқанда, 2019 жылдың 8 айында құрылыс көлемі 3 млрд. 882 млн. 900 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 107,9 пайызға орындалған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аудан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 2019 жылдың 8 айында 5706 шаршы метрді құрап, индикаторлық жоспар 706 шаршы метрге артық орындалды.

Ауданда 2019 жылдың 1 қыркүйекке кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1701 адамды құрады. «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында Қаратау қаласында жалпы ауданы 27 752 шаршы метрді құрайтын 440 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйлер жөндеуден өткізіліп, кезекте тұрған азаматтарға кезек ретімен берілуде.

Сонымен қатар, қаладағы бос тұрған 3 көпқабатты тұрғын үйлер коммуналдық меншікке алынып, аудандық бюджеттен 14 млн. 910 мың теңге бөлініп, екі үйлердің жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасына 629 млн. 198 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылып, бір үйдің жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Бүгінгі күнге көп балалы немесе жағдайы төмен отбасыларды уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Қаратау қаласындағы 3 мөлтек ауданы №3 және №4 жатақханалары Талас аудандық сотының шешімімен ағымдағы жылдың сәуір айында коммуналдық меншікке алынып, қайта жаңғырту жұмыстарына 504 млн. 484 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттама жасалынып, 3 мөлтек ауданы №3 жатақхана мемлекеттік сараптамадан өтті, №4 жатақхана өтуде.

Сондай-ақ, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарлама аясында 2019 жылға Қаратау қаласында 5 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жоспарланды. Нәтижесінде қайтарым қаражатқа М.Әуезов көшесі №5 және №9 көппәтерлі тұрғын үйлердің сметалары әзірленіп, ағымдағы жылдың сәуір айында жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарына жертөлесі, кіреберістері және үйдің айналасын абаттандыру жұмыстары толық жүргізілді. Сонымен қатар, 3 мөлтек ауданы №35 көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі және үйдің айналасына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған Санырақ батыр №1 және Әуезов №7 үйлердің жөндеу жұмыстары қазан айында жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір