• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 01:13:59
Алматы
+12°

 

 

 

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен әлем елдерінің ондығына кіреді. Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған.

Шет елдік ғалымдар мен дәрігерлер бірігіп: «Желі салдарынан қатерлі ісік, жүйке-жүйенің зақымдануы, катарактаның артуы, ұрық, терінің зақымдануы сынды өзге де қауіпті аурулар туындайды. Бесінші буынның зияндығы соншалық, болашақта қауіпсіз аймақтардың азаюы да мүмкін. Сол себепті 5G технологияларға мораторий жариялауды сұраймыз», - деген мәтінде 2017 жылы Европалық кеңеске хат жазып, мораторий талап еткен болатын.

Сымсыз технологияның келесі буыны 5G байланысына түбегейлі қарсылық білдіріп, дабыл қағып жатқан зерттеушілер төмендегі қауіп-қатерді болатыны жайлы деректер берді:

- Көз аурулары;

- Тершеңдік;

- Терінің зақымдануы;

- Иммунитеттің бұзылуы;

- Зат алмасудың бұзылуы;

- Неврологиялық аурулар;

- Рак ауруының болу қаупінің артуы;

-  Ағаш пен өсімдіктердің зарар шегуі;

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір