• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:20:17
+12°

04 Қазан, 2019

Қылмыстық құрылымдар мұнай ұрлығын табыс көзіне айналдыруда

Соңғы уақытта елімізде қара алтын ұрлығының белең алғаны сон­шалық, мұнай және мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымы қылмыстық құ­ры­лым­­дардың негізгі табыс көзіне ай­нал­ды. Биылғы жылдың ақпанында Маңғыс­тауда мұнайды тонналап ұрлаған қыл­мыс­тық топ ұсталды Qamshy.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz дерегіне сүйеніп.

Соңғы уақытта елімізде қара алтын ұрлығының белең алғаны сон­шалық, мұнай және мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымы қылмыстық құ­ры­лым­­дардың негізгі табыс көзіне ай­нал­ды. Биылғы жылдың ақпанында Маңғыс­тауда мұнайды тонналап ұрлаған қыл­мыс­тық топ ұсталды Qamshy.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz дерегіне сүйеніп.

Бү­гін­гі таңда елдегі жалпы ішкі өнімнің 30 пайызы, ал экспорт­тан түсетін табыстың жартысы – мұ­най-газ өнеркәсі­бі­нің үле­сі.  Қазақстан бүкіл әлемдегі жалпы мұнай өнімі­нің (күніне 90 млн баррельден астам) 1,8  пайызын (күніне 1,719 млн баррель) беріп отыр.

Өткен жылы Қазақстанда 77, 5 млн доллар мұнай өндірілсе, биылғы жыл­дың алғашқы 5 айының өзінде 36,5 млн тонна шикізат алынды. Мемлекет үміт артып отыр­ған үш кен орны – Қашаған, Теңіз бен Қарашығанақтан жалпы көлемі 21,7 млн тонна қара алтын өндірілді.

2019 жылғы қаңтар-мамыр айларында 6,7 млн тонна қара алтын қайта өңдеуден өтті, яғни 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 5 пайыздық өсім бар.

Энер­гетика министрлігінің дерегін­ше, 2019 жылдың ал­ғашқы үш айында елімізден жалпы кө­лемі 16 млн тоннадан астам мұнай экс­порт­талып, қазынаға 7,4 млрд доллар құйылды.

Облыстық Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, қылмыс­тық топ мүшелері мұнайды ұрлау бойын­ша арнайы сызба дайындаған. Олар та­сы­мал­дау және кірістерді заңдастыру процесін ретке келтірген. Топ басшысы қажетті мәлі­мет­терді жинап, қылмыстық ұйым­ның болашақ мүшелерін тауып, оларды оқы­тыпты. Жалпы, топта 12 адам болған көрінеді. Ұрылар әуелі елден тыс жерден сатып алушы іздеген. «Клиент» табылған кезде қылмыскерлер магистральды мұнай құ­бырын кесіп, мұнайды автокөлікке құйып оты­рыпты. Ұрланған мұнай темір жолмен Ресейге мұнай қалдықтарының қоспасы ретінде тасымалданған. Қылмыстық әре­кет­тен түскен кірістерді заңдастырып отырудың да тетігін тапқан.

Экономикалық тергеу департаменті­нің дерегіне сүйенсек, қылмыстық топ 2017 жылғы тамыздан 2019 жылғы ақпанға дейін ел байлығын тонап келген. Қара-Оба кен орнындағы консервация­лан­ған мұнай ұңғымала­ры­нан және «Өзен – Жетібай – Ақтау» ма­гис­тральды мұнай құбырынан қара алтынды алаңсыз үптеген. Ұрылар жалпы көлемі 2420 тонна мұнай ұрлап, мемлекетке 348,7 мил­лион теңге шығын келтірді.  ҚР Қыл­мыстық кодексінің 13 бабы бойынша қоз­ғалған істің мате­риал­дары мыңнан аса бухгалтерлік құ­жат­тарды есептеме­ген­де 30 томға жеткен. Материалдарының көлемі бойынша «ерекшеленген» тағы бір қылмыстық іс өткен жылы Қызылорда облыстық Қыл­мыс­тық істер жөніндегі маман­дан­ды­рылған ауданаралық сотында қаралған еді. Жиынтығы 149 томды құраған қыл­мыс­тық іс материалдарына сүйенсек, өңірде 2 ұйым­дасқан қыл­мыс­тық топ құ­рыл­ған. 1-топ мү­шелері «Қоныс», «Жы­лан­ды қыр» кен орны мен «Құмкөл-Тұз­көл» және «Шым­кент-Павлодар» мұнай құ­бырынан қара алтын ұрлауды ұйым­дас­тырған. Асты­р­тын іске мұнай компа­ния­ларының жұмыс­шылары мен күзет­ші­лері және кә­сіби дә­некер­леу­шілер тар­тыл­ған. Ал ке­лесі топ ұрланған мұнайды сақтау, тасы­мал­дау және сатумен айна­лыс­қан. Тіпті көр­шілес мем­лекет­терге де кө­мір­сутек шикізатын жет­кізіп отырған. Мұнайшылар, кәсіпкерлер мен олар­ды қолдап-қорғаған бұрынғы көлік про­ку­роры мен полиция полковнигі бар – қара алтынды заңсыз жолмен саудалауға қатысқан барлық 21 адам өз жазасын алды.

Авторы: Анар Лепесова

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір