04 Қазан, 2019 NEWS
Мүмкіндігі шектеулі жандар қызмет ететін кафе ашылды
Елорда да дәрігер-анестезиолог Азамат Базылов мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап кафе ашты.
Алғашында Азамат үлкен ағасы үшінші топтағы мүгедек болып қалғаннан кейін әлеуметтік жұмыс орнын ашу туралы ойлайды. Кейіннен тәуекелге бел буып, өзінің пәтер сатып алуға жинағын ақшасын арқылы кафені ашады. Сондай-ақ әкесі ұлының ойын құптап, жеке көлігін сатып көмектеседі.
Базылов кафеде жұмыс істейтін саңырау адамдарды ағасының көмегімен тапқанын айтты.
– Қазіргі таңда біздің кафенің тұрақты клиенттері бар. Келушілерге тағам таңдау қиынға соқпайды. Барлық мәзірлерді суреттер арқылы көрсетіп бердік, тапсырыс берушіге қолайлы болсын деп.
Ал жұмыс істейтіндердің басым көпшілігі басқа қаладан келген. Атап айтсам, Ринат Нурым – талдықорғандық. Ол бұл кафені достары арқылы естіп,арнайы іздеп келді.
"Біз жұмыс істеуге ниетті болғанымызбен көбінде кез келген жан жұмыс тауып бере алмайды.Біз үшін тағы бір мүмкіндік ашылғанына қуаныштымыз. Мен Нұр-Сұлтанға көшіп келгеніме еш өкінбеймін. Әрі қарай өзімді дамытқым келеді", – дейді Ринат Нурым.
Мүмкіндігі шектеулі әр жан қоғамның мүшесі. Оларда өзгелер секілді қызмет ету үшін мемлекет арнайы жобаларды көбірек қарастырса, бүгінгідей оқшауланып қалмас еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір