01 Қазан, 2019 Барлық аймақтар
Қазіргі таңда қазақстандықтар емханаға тіркеудің үш түрлі жолын пайдалана алады:
- таңдап алған емханаға тікелей бару арқылы,
- электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде,
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы Connectionpointбөлімі арқылы.
Отбасының өзге мүшелерін тіркеу үшін олардың жеке куәліктері мен жазбаша келісімі қажет (ересектер үшін). Ал, 18 жасқа толмаған тұлғаларды тіркеу үшін ата-аналардан (немесе баланың қамқоршысынан) жеке куәлік (немесе баланың атынан өкілдік ете алатынын растайтын құжат) пен баланың жеке құжаты талап етіледі.
Ал, egov.kz порталы арқылы емханаға тіркелу үшін жүйеге тіркелу қажет. Әрі қарай "Денсаулық сақтау" бөліміндегі "Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу" қызметін басасыз. Электронды өтінішті толтырасыз. Қызметтің нәтижесін Жеке кабинет арқылы білуге болады. Сондай-ақ, қазір қай емханада тіркеліп тұрғаныңызды да egov порталындағы Жеке кабинет арқылы анықтап біле аласыз. Егер бұрынғы емхана қызметі көңіліңізден шығатын болса қайта тіркелудің қажеті жоқ.
Тіркелудің үшінші жолы. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында Connection Points деп аталатын бөлім болады. Ондағы кеңесшілер сізге электронды форматта тіркелу жолдарын түсіндіріп береді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір