08 Қазан, 2019 Саясат
"Ақтөбегі террористер – шыбындар"
Таяуда Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко үй кезегінде тұрған жетім балалардың көшеге шықпайтынын айтып, оларға пәтердің аз беріліп жатқанын сөз еткен. Бұл сөзін қазақстандықтар қызу талқылады.
В.Божко мәлімдемелерімен ел талқысына түскен. Владимир Божконың бүгінге дейін айтқан мәлімдерін еске түсірсек.
"Жетім балалар алаңға шықпайды"
Кеше Божко жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету туралы пікірін айта отырып, олардың алаңға, көшеге шықпайтынын үлгі етті. "2019 жылы пәтерлердің басым бөлігі көпбалалы аналарға берілді. Кезекте тұрғандардың осы санаты 922 пәтер алған. Меніңше, жалға берілетін үйлердің үлесін көтеруді талап етіп тұрған санат - жетім балалар. Олар алаңға шықпай, сабырмен күтіп отыр. Олардың кезегінде 61 397 бала бар, биыл олардың 518-і пәтер алған. Кезектегілердің сапасын ескерер болсақ, бұл өте аз", - деді Владимир Божко.
"Қалаға көшетін ауыл жастарының санын азайту керек"
Ол кезде халық оның пікірін "ауыл жастарын қалаға кіргізбеу керек" деп түсінді. Мәжіліс вице-спикері ауыл жастары көшіп кетсе, жұмыс істейтін ешкім қалмайды деп санайды. "Қалаға қадағалаусыз көшіп жатқан ауыл жастарының санын азайту қажет. Оларды қалаға жетелейтін себептерді азайту керек. Осылай жалғасса, ауыл интелегенциясы жоғалып кетеді. Кейін жер бетінде жұмыс істейтін ешкім қалмайды да, азық-тұлікті шетелден алуымызға тура келеді", - деді Божко. Бұл мәлімдеме қызу талқыға түскен соң шенеунік кейін сол сөзін түсіндірді. Ол жастардың қалаға көшіп келуіне тыйым салу керек деп айтпағанын мәлімдеді. "Жалақымыз соңғы болып өсті" Дәл сол жылы еліміздегі депуттардың жалақысы 30-50 пайызға өскен болатын. Сол кезде Божко журналистермен әңгімесі барысында жалақыларының соңғы болып өскенін алға тартқан еді. "Саяси қызметкерлерден жалақысы соңғы болып өскен біз. Бұл шешім төрт жыл бұрын қабылданған болатын. Басында министрлік пен ведомстволарда өсті, төрт жыл өтті. Міне, төрт жылдан кейін ғана біздің жалақымыз өсті", - деген еді Божко Парламент кулуарында. Ол саяси қызметкерлердің бәрінде бірдей жалақы болу керегін айтқан. "Сондықтан, бұл шешім ақылға қонымды. Егер шешім қабылданса, ол орындалуы керек", - деп ойын қорытындылады вице-спикер.
"Халық мемлекетке тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек"
Биыл қыркүйекте Божконың тағы бір мәлімдесі қызу талқыға түсті. Ол "халықтың мемлекетке тізерлеп алғыс айтуы керек екенін" мәлімдеген еді. "Биліктің не істеп жатқанын түсініп, көру керек. Сандарға қараңыздаршы - соңғы үш жылда әлеуметтік көмек 17 есе өсті. Осы үшін ғана тізерлеп отырып, мемлекетке алғыс айту керек. Адам ештеңе істемейді де, "бәрін беруді" талап етеді. Қоғамдық пікір болуы керек, ол сондай адамды қораға тығып қояды", - деген еді ол Қазақстан халқы ассамблеясының отырысында. Вице-спикердің бұл сөзі халық арасында дау шығарды. Олар Божкодан "тізерлеп алғыс айту" мен "қораға тығып қою" деген сөздері үшін кешірім сұрауды талап еткен. Бірақ кейін Божко ешкімді ренжіткісі келмегенін айтқанымен, кешірім сұраған жоқ.
"Ақтөбегі террористер – шыбындар"
Ақтөбеде болған лаңкестік шабуылдан кейін де Владимир Божко ерекше мәлімдеме жасаған еді. Ол Мәжіліс отырысында террористерді шыбынға теңеген. "Қытайда қызық сөзді естідім, серіктестік – ашық терезе, оған таза ауа да, шыбын да кіріп кетуі мүмкін. Ақтөбеде болған оқиғаға қатысқандар – ауасы таза республикамызға кіріп кеткен шыбындар. Ол терезені енді жаба алмаймыз", - деген еді ол. Оның айтуынша, республиканың ашық тұрған терезесінен сондай шыбындармен қатар, миллиардтаған инвестициялар да келіп жатыр.
"Украиналық саясаткер Фарион – жезөкше"
Божко Қарағандыда этномәдени орталықтардың өкілдерімен кездескен. Мұнда олар Қазақстанда үштілділік саясатын дамыту туралы сөйлескен. Кездесу барысында шенеунік украиналық саясаткер Ирина Фарионға тіл тигізіп үлгерді. Ресей мен Украина арасындағы жағдайды мысал еткен ол Фарионның мәлімдемесін сынға алған. "Тарих әлгі жезөкшені, Фарионды орнына қойып береді деп үміттенемін. Әрине, кешірім өтінемін, ол "Украинада орысша сөйлейтіндер адам емес, олардың құқығы жоқ, орысша әндерді тыңдайтын тексистерге айыппұл салу керек" деген болатын. Жоғары заңнамалық орган позициясынан осындай нәрсені айту үшін қандай ақымақ болу керек?", - деген еді Божко. Кейін Мәжіліс отырысының кулуарында Божко өзінің артық кетіп қалғанын мойындады. "Қатты сөздер айтқаным рас. Сол пікірді басқаша сөздермен айтуым керек еді. Қызбалыққа салынып кеттім", - деді вице-спикер.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір