09 Қазан, 2019 NEWS
Apple компаниясы өз смартфонының он бірінші нұсқасында ең мықты әйнек болатынын мәлімдеген еді. Бірақ жаңа сатып алынған iPhone-дарда тез сызат пайда болғанын айтып, шағымданушылар көбейген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Популярная механика" сайтына сілтеме жасап.
Мәліметтерге қарасақ, компанияның техникалық қолдауына шағымданғандар көп. Кейбір қолданушылар смартфон әйнегіне тырнақтан немесе пластикалық картадан сызат түсіп қалады. Сызаттың орны саусақпен ұстағанда қатты сезіледі екен.
Әйнек бейімді және сызаттарға төзімсіз, бірақ кетіктер мен сынықтарға шыдамды материалдан жасалуы мүмкін екені айтылады. Мамандардың сөзінше, смартфон жайлы мәліметтер аз. Бұл Apple инженерлерінің қателігі ме, қолданушылардың телефонды дұрыс ұстамауынан ба - дәл айту қиын дейді олар. Қазір ресми форумда осы тақырып талқыланған тармақ 13 парақшаға жеткен, жазбалар әлі көбейіп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір