• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:42:47
Алматы
+12°

10 Қазан, 2019

"Тілемсек балаларға ақша бергенді тоқтатуы керек"

ҚР Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин қазақстандықтардан көшеде қайыр сұрайтын балаларға ақша бермеуді өтінді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат тілшісінің дерегіне сүйеніп. 

«Достар, көшедегі балалар немесе балалары бар ересек тілемсектер туралы көптеген хабарлама мен пікірлер аламын. Тілемсектікке зорлықпен тартудан балалардың құқығын қорғау бойынша сауал дайындап, кешенді шаралар қабылдау үшін фактілерді жинауға көмектесулеріңізді өтінемін. Балалар тіпті, мектепке де бармайды», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасына.

Аружан Саин қайыр сұраған балалы ересектердің және балалардың өздерінің суреттерін оның қай жерде (көшеде, жол бойында, дәмхана, мейрамханада) түсірілгенін, мекен жайын және датасын көрсете отырып жіберуді өтінеді. Суреттерді +7 747 674 1554 нөміріне WhatsApp арқылы жіберуге болады. 

«Полиция, қамқоршы орган тарапынан қандай шынайы шараларды қабылдауға болатындығын түсіну қажет. Ең бастысы, Зүлфия Байсақова сұхбатында айтқандай, әзірше бір ғана әдіспен күресуге болады: Барлық қазақстандықтар ақша бергенді тоқтатуы керек. Садақаның осы тетігі жұмыс істеуін қойған кезде бұл балалар да тілемсектікке тартылмайды. Сонымен қатар балаға көмектесу үшін баланы жібермеуге немесе ересектер баламен қайыр тілеп жүрген жерде қалуға тырысу қажет. Полицияны шақырып, күтіп, шағым жазу қажет. Тергеушінің және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы қызметкерлерінің мәліметтерін алып, баланың тағдырын бақылауда ұстасаңыздар», - деді ол.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір