12 Қазан, 2019 Спорт
Дархан Кәлетаевтың орнына кәсіпкер Нұрлан Смағұлов Қазақстан велоспорт федерациясының президенті болып сайланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Федерация мүшелерінің кеңейтілген отырысында Нұрлан Смағұлов бірауыздан президент болып сайланды. Жаңа басшының қызметі төрт жылға созылады", - деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.
Дархан Қалетаев Қазақстан велоспорт федерациясы президенті қызметін абыроймен тапсырды.
Нұрлан Смағұлов Forbes Kazakhstan журналының тұжырымы бойынша 2019 жылы ең бай 50 Қазақстан бизнесменінің ретингісінде оныншы орынға жайғасты. Ал ең беделді бизнесмендердің ішінде ол алтыншы орында тұр.
Нұрлан Смағұлов – "Астана Моторс", MEGA орталықтары және "Алматы" қонақ үйі кіретін Astana Group компаниясының жалғыз меншік иесі. Ол Жаңа Зеландияның Қазақстандағы құрметті консулы, "Атамекен" ұлттық палатасы төралқасының мүшесі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір