• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 04:15:33
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қазан, 2019 Спорт

Бельгия қорғаушысы Томас Менье: Қазақ футболшылары Еуропа біріншіліктерінде ойнауы керек

Қазақстан - Бельгия матчы 0-2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Жеңілістің себебін бас бапкер Михал Билек түсіндірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz дерегіне сүйеніп. 

Михал Билек: Қазақ футболшылары шетелде ойнау керек Қазақстан - Бельгия матчы 0-2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Жеңілістің себебін бас бапкер Михал Билек түсіндірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz дерегіне сүйеніп. 


– Өткен жолы Қазақстан құрамасы Бельгиядан ірі есеппен жеңілген еді. Ал бұл жолғы ойынға көңіліңіз тола ма?

– Мен жеңіліспен аяқталған ойынға ешқашан көңілім толған емес. Дегенмен футболшыларым тапсырманы орындағысы келді. Алаңда жандарын аямай өнер көрсетті. Мен сол үшін оларға алғыс айтқым келеді. Бельгия әлемнің үздік командасы екенін ұмытпауымыз қажет. 

– Азар, Мертенс секілді бельгиялық ойыншылардың деңгейі қазақ футболшыларына қарағанда анағұрлым жоғары. Біздің ойыншылардың да деңгейі өсуі үшін не істеу керек?

– Ең алдымен, Қазақстанның ойыншылары шетелдің біріншіліктерінде ойнауы тиіс. Мысалы, Ресей чемпионатына барып ойнауға болады. Сосын қазақ командалары Еурокубокте көбірек ойнаса. Сонда деңгейі көтеріледі, тәжірибе де жинақтайды. 

– Ойыннан соң Бельгия қорғаушысы Томас Менье "Исламхан Қазақстан премьер-лигасында ойнайды" дегенге сенбейтінін айтты. "Ол футболшының деңгейі Еуропа біріншіліктерінде ойнауға жетеді" дегенді айтты.

Сіз қалай ойлайсыз?

– Иә, Исламхан – біздің құраманың маңызды футболшысы. Қазақстандағы ең үздік ойыншы. Ол бүгін шабуылшының қызметін де атқарды. Мен оның Еуропаның топ лигаларының бірінді ойнағанын қалаймын. 

Ермұхамед Мәулен

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір