16 Қазан, 2019 Оқиғалар
Тұншығып, арам өлген 46 жылқыны ұрлағандардың бірі министрлік қызметкері болған екен
Күдікке ілінгендердің бірі 26 жастағы Целиноград ауданының тұрғыны да, екіншісі – 41 жастағы министрлік қызметкері
Жылқы ұрлығына Қорғаныс министрлігі қызметкерінің қатысы болуы мүмкін деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ақмолалық полицейлер Нұрсұлтан қаласы маңынан өлексесі табылған 46 бас жылқыны ұрлағандарды қолға түсірді.
Жанат Жылқыбаев, Ақмола облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы: - Күдіктілер ұрланған жылқыны Аршалыдан Елорданың Көктал шағын ауданына апаруға МАН жүк көлігіне артқан. Жанжағы бітеу көлікте мұншама мал шыдамаса керек, тұншығып өлген. Сасқанынан өлекселерді лақтырып кеткен.
Күдіктінің бірі 26 жастағы Целиноград ауданының тұрғыны да, екіншісі 41 жастағы министрлік қызметкері екен. Ол Қорғаныс министрлігінде дардай бөлім бастығы болған. Жылқы ұрлады деген күдікке іліккен қызметкер осыдан бір апта бұрын ғана министрліктен қуылыпты.
Елорда маңынан 28 бас жылқының өлексесі табылған еді. Малынан айрылған ерейментаулық кәсіпкердің арызы бойынша полиция тексерісі кезінде тағы 18 өлексе Қоянды ауылының маңынан табылды.
Қазір екі күдіктіні Ерейментау аудандық соты екі айға абақтыға жапты. Олардың 150 шақырым жерді еш кедергісіз өтуіне министрлік қызметкері беделін салса керек. Ол джип көлігімен алда жүріп отырған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір