• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:27:23
Алматы
+35°

ҰҚК өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп "Жусан" операциясы шеңберінде Сириядан 595 қазақстандықты елге қайтарды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Деректерге сүйенсек, 400-ден астамы балалар. Елге қайтарылған адамдардардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу дерегі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған. 

"Тергеу нұсқасы бойынша Сирияда ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты "әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады" деген айып тағылды", – дейді ҚР ҰҚК ресми өкілі Аркен Абдуғали.

Комитет мәлімдеуінше, қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілген. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір