17 Қазан, 2019
БҰҰ 1992 жылы 17 қазан күнін халықаралық кедейлікпен күрес күні деп жариялады. Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы осы мерекеге орай арнайы мәлімдеме жасап, әлем мемлекетін балаларға жайлы өмір жағдайын жасауға шақырды. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар сайтында жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
БҰҰ Даму бағдарламасының деректеріне сүйенсек, бүгінде шамамен 1,3 млрд адам жоқшылықтың тауқіметін тартып отыр. Ал Қазақстанда ресми есеп бойынша, 2 миллион адам кедейлік шегінде тұрады. Еліміздегі кедейлік 2002 жылы 28% құрап, 2009 жылы 2%-ға құлады. 2018 жылы кедейліктің көрсеткіші ($5,5 күніне) 8,6% деңгейіне жеткен. Бүкіл Әлемдік Банк болжамы бойынша, егер тұрақты ұсталып тұратын болса, 2021 жылға дейін 6% жоғары болады.
Бұған қарамастан, Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде кедейліктің төмен көрсеткішіндегі ел ретінде саналады. Ең жоғары көрсеткіш Тәжікстан мемлекеті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір