18 Қазан, 2019 Әлеумет
Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкентке таксимен келе жатып, жарты жолда бір әйел таксиге отырды. Сөзден сөз шығып, әншілерге жайында әңгіме жалғасты. Әлгі әйел өзінің баласы үйлену тойына Еркін Нұржановты шақырамыз деп қайта қайта айтқанынан кейін әлгі әншіні 3.500 доллар кредит алып, жалға шақырыпты. Әлеуметтік жағдайы аса күшті емес отбасыға мынау тірлік айтарлықтай соққы болып, кредитті төлей алмай қалдық деп әлгі ана күйініп отыр. Келді де, үш төрт өлеңмен уыс уыс ақшамызды алды да кетті деп күйінеді анасы.
Мен өз басым Қайрат Нұртасты,Төреғалиды,Тұрсынбекті тойыма 100 000 ға да шақырмас едім. Не ол? Не қызық сонда? Өтірік микрофон алып, өтірік әзілді айтып, қазақты мазақтап 3 000 000 ды алады да кетеді. Мен ол миллиондарға үй салмаймын ба, жер алмаймын ба, кәсіп ашпаймын ба? Осыншама ақшаны өтірік микрофон алып қисаңдаған адамға бары жоғы үш сағат ішінде тапсыра салу обида ғой, обида. Ненің азабы? Мақтанды азаппен тапқан ақшаңа жасайсың соған миллиондарды тапсыра отырып. Түк логика жоқ. Ақымақтық пен надандық қана.
Тапсырыс беруші де, алушы да ақымақ. Оның үстіне жататын орнына мықты қонақ үйі, тамағы, жүрер жолы...т.б. Мәдени алаяқ осы. Біздің кейбір ақымақтар кредит алып осыларды тойға шақырады екен. Топастықта да шек жоқ. Ертең кредитімді төлей алмай отырмын деп жылағанына жол болсын... Өкіметті кінәлайды келіп, кредитімен қысып жатыр деп.
Шындығында әншілер қазақты экранда аздырса, екінші жағынан қалтасын қағып та аздырып жатыр. Барып тұрған ұлттық мәселені күліп, ойнап, жыртаңдап жүріп -ақ әншілер жасап жүр. Бірақ қазақтың өзінен. Осы миллиондарды құндылықтарға, білім мен ғылымға, өркениет жолына жұмсаса, қазақтан талай миллионерлер мен кәсіпкерлер шығар еді ғой.
Елдік - ақшаны шашудан емес, ұқыппен жинаудан басталады. Қазаққа мұндайды доғармай қайдағы өркениет?
Бекболат Қаржанның facebook парақшасынан
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір