• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:26:19
+12°

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мұғалімдер мен дәрігерлерге жалға берілетін баспананың шарттары туралы айтты.

 Биылдан бастап қазақстандық мұғалімдер мен дәрігерлерге "Қазақстан ипотекалық компаниясы"АҚ-дан сатып алу құқығы бар арендалық баспана беріледі.

Пәтерді жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін. Жылдық мөлшерлемесі – 3,1%.

Пәтер алу үшін бастапқы жарна қажет емес. Сондай-ақ Қазақстан ипотекалық компаниясы тек жаңа пәтерлерді ғана сатып алады.

Мысалы, пәтер құны 9,6 миллион теңге делік. Ай сайынғы төлем шамамен 53 мың теңгені құрайды.

Бір айта кетерлігі, жалға алу құнына эксплуатациялық және коммуналдық қызметтердің төлемі кірмейді.

 Бюджет саласының қызметкерлеріне арналған тұрғын үй бағдарламасы 2019 жылдың маусымында іске қосылған болатын. Баспанаға мұқтаж адамдардың тізімін білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі жасайды. Содан кейін ҚИК азаматтың төлем қабілеттігін бағалап, баспананы жалға беру келісімшартын бекітеді.

 Алдағы екі жыл ішінде бағдарламаны іске асыруға 40 милиард теңге бағытталып, 3 мыңға тарта дәрігер мен мұғалімді баспанамен қамту жоспарланып отыр.

 Бүгінде Алматы қаласында 4,3 миллиард теңге (288 пәтер), Қарағандыда 0,2 миллиард теңгенің (21 пәтер) келісімшарты бекітілген. Нұр-Сұлтанда 146 пәтер сатып алу үшін 1,9 миллиард теңгенің келісімшартына қол қойылады.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір