• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:33:45
+12°

Астана LRT басқарушы директорының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында жолақы төлеудің жаңа әдісі пилоттық жоба ретінде сынақтан өткізілуде. Жаңа жүйе жолаушыларды есепке алу мен бақылау жүйесін жеңілдетуді мақсат етуде.  

FacePay – биометриялық мәліметтермен басқару жүйесі. Ол адамдарды тану функциясы арқылы жұмыс жасайды.

FacePay арқылы жолақысын төлеу үшін Telegram каналында @facePay_bot бағдарламасын тауып, өзіңіздің жеке сәйкестендіру номеріңізді (ЖСН) тіркейсіз. Суретке түсіп (сельфи де жарайды), банк картасын тіркейсіз.

Өз деректеріңізді пайдалануға рұқсат бергеннен кейін, жүйе қосылған автобуста жол ақысын еш кедергісіз төлей аласыз. Билет дереу Telegram-ға келеді.

Жолаушы автобусқа кіргеннен кейін бейнекамераға қараса жеткілікті. Жүйе 95 пайызға дейінгі нақтылықпен жүзіңізді таниды.

"Бұл пилоттық жоба. Алдағы уақытта жүйенің артық-кем тұстары болса жетілдіреміз. Астана LRT электронды төлем жүйесін оңтайландыру мақсатында барлық мүмкіншіліктерді ұсынғысы келеді. Тұлғаның жеке деректерін сақтауға кепілдік береміз. Біз адамдардың қай жерде жүргенін бақылап отыру үшін емес, жалпы жолаушылар ағынын есепке алу және бақылау үшін жұмыс жасап жатырмыз", – дейді Астана LRT басқарушы директоры, басқарма мүшесі Дәурен Нұрәлиев.

"Жоба сәтті шықса, әрі қарай бір маршруттағы автобустарды толықтай жабдықтаймыз. Кейін барлық автобустарға да жүйені орнатуды қолға аламыз", – дейді Дәурен Нұрәлиев

"Автобус карталарындағы барлық жеңілдіктер сақталады. Мәселен, камераға қарап қалсам тағы да шотымнан ақша алынады ма деп уайымдаудың да қажеті жоқ. Бір сағат ішіндегеі тегін ауысып отыру мүмкіндігі мұнда да болады", – дейді IPay компаниясының негізін қалаушы Алмас Айменов.

Егер бақылаушы тексерген кезде телефоныңыздың қуаты отырып, Telegram-ға келген билетіңізді көрсете алмасаңыз, бақылаушыға өзіңіздің ЖСН-ыңызды айтсаңыз жеткілікті. Жолақысын төлегеніңіз базадан көрінеді, дейді Алмас Айменов.

 

informburo.kz 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір