• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:56:12
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі нан мен көмірдің қымбаттауына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі

""Әлеуметтік" нан бағасының өсуіне байланысты Үкімет пен әкімдерге шұғыл шаралар қабылдап, субсидиялауды қарастыру тапсырылды. Көмір бойынша да осындай тапсырма берілді. Көмір компанияларымен келісіп, бағаны қолдан өсіріп отырған делдалдарға жол берілмеуі тиіс. Бақылауымда болады", – деп жазды Президент Twitter  парақшасында.

Еске салсақ, алғашқы боп әлеуметтік нан Павлодар, кейін Ақтөбеде қымбаттады. Ал ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Қазақстанда әлеуметтік нан бағасы өзгермейді деп уәде берген еді.  Осы жағдайдан кейін алматылық наубайханалар да ұнның қымбаттағанын және астықтың тапшылығын айтып, шағымданған болатын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір