22 Қазан, 2019 Барлық аймақтар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі
Қазақстан президентіне биылғы 9 ай ішіндегі Жоғарғы сот қызметінің қорытындылары мен сот жүйесін жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімет берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа судьяларды іріктеу жүйесін жақсарту, бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз ету, сот төрелігін жаңғырту, соның ішінде соттан тыс татуласу орталықтарын құру, отбасы соттары мен фронт-офистер жайында атқарылған шаралар туралы баяндалды.
Президент халықтың сот жұмысына деген сенімін арттыру, азаматтардың өтініш-шағымдарын әділ қарау, шығарылатын сот шешімдерінің сапасын жақсарту қажеттігін айтты.
Сондай-ақ кездесу барысында судьялардың жүктемесін азайту және сот шешімдерінің сапасына кері әсер ететін оларға қатысы жоқ істерден босату жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Одан өзге Тоқаев судьялар корпусының құзыреттілігін арттыру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығына назар аударды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір