• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 04:46:16
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

02 Қараша, 2019 NEWS

Мына тағамдарды балаларға мүлдем жеуге болмайды

Тіс дәрігерлері балаға беруге болмайтын тағамдарды атады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тіс дәрігерлері газдалған сусын, қытырлақ картоп, кептірілген нанды балаларға беруге болмайды деп дабыл қағуда. Аталмыш тағамдардың кесірінен Алматыдағы 15 жасқа дейінгі балалардың 90 пайызының тісіне құрт түскен. Дер кезінде емдемесе, буыны бекімеген баланың жақ сүйегіне дейін қисайып тісі өспей қалуы мүмкін. Мамандар ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге кеңес береді.

Алматыдағы балалар тіс емханасында аяқ алып жүру мүмкін емес. Әсіресе күзгі каникулда мұнда келушілер саны тіпті көбейген. Ата-аналар демалысты пайдаланып тәттіге құмар баласының тісін қаратып жүр. Соңғы уақытта жеткіншектер арасында тісжегі ауруы асқынып тұр. Емханаға келген 10 баланың тоғызында тіс құрты бар.

Раушан Қозыбекова, Алматы қалалық балалар тіс емханасың дәрігері:  "Бұрын кәмпит, қант болса, қазір тәттілердің түрі көбейіп кетті. Газдалған сусын, қытырлақ нан, картоп, чупачупсты бала аузында ұзақ сорып жүреді. Бұл өте зиян. Емханада істегеніме 22 жыл болды. Бұрынғы кезбен салыстырғанда қазір тісжегі өте көп. Бес бала келсе, соның бесеуінде де тісжегі бар".  

Соңғы уақытта туа бітті таңдайы жоқ немесе жырық ерін болып туылатын шақалақтар көбейген. Ондай сәбилер перзентханадан шыққан бойда емханаға жеткізіліп, жасанды таңдай салынады. Мұндай кемістік болмас үшін анасы жүктілік кезінде күтініп, дұрыс тамақтануы тиіс дейді дәрігерлер. Емханада барлық ем шара тегін. Қаладағы жалғыз балалар тіс емханасы 15 жасқа дейінгі барлық баланы ақысыз емдейді.

Эльмира Шәкемова, Алматы қаласының тұрғыны: "Үйде «жеме» деп айтамыз. Мектеп арасында, үйге қайтқан кезде біздің көзді ала бере, сусындар ішіп, түрлі қытырлақтарды жейді. Үйде мұқият қадағалаймыз. Балалардың денсулығы – атаананың міндеті".

Емхана былтыр жекеменшікке өткен. Сол кезде білікті дәрігерлер жұмыстан қуылып, балалар тіс емханасы жабылуы мүмкін деп шу болған. Алайда жаңа басшы бұрынғы мамандардың бәрін қызметінде қалдырыпты. Емханаға келетіндер санының көбеюіне байланысты жұмыс уақыты да ұзарған.

Төретай Рузиддинов, Алматы қалалық балалар тіс емханасының бас дәрігері: "Емхана орта есеппен алғанда күніне 200250 бала қабылдайды. Жылына 73 мыңдай бала емделеді. Балалар саны еш азайған жоқ. Керісінше, бұрын 5 күн жұмыс істесе, қазір 7 күн жұмыс істейміз".

Мамандар баланың басы ауырып тісі солқылдағанын күтпей, дәрігерге жүгіну керек дейді. Сүт тістері түсіп, тұрақты тіс шыққанша жылына екі мәрте дәрігерге қаралған абзал. Ол үшін ұзын-сонар кезек күтпей-ақ, үйде отырып онлайн тіркеуге тұруға болады. Науқастар ақылы бөлімде де ем-дом қабылдай алады.   

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір