06 Қараша, 2019 Барлық аймақтар
Шекараны бұзған 15 содыр өлтіріліп, бесеуі қолға түсті
Қауіпсіздік қашан да басты назарда болуы тиіс
Бұл оқиға тәжік-өзбек шекарасында орын алды. Бұл туралы Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегіне сүйене отырып, РИА Новости ақпарат агенттігі хабарлады.
Түнгі сағат 3: 23 минут өткенде, тәжік-өзбек шекарасындағы №4 «Ишкобод» заставасына әскери қаруланған белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Ішкі істер және шекаралық отрядтың жауынгерлерінің ерлігінің нәтижесінде 15 содыр жер жастанып, тағы бесеуі қолға түскен. Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабардар еткендей, қазіргі уақытта олардың кім екендігі нақтылануда. Бетперде киген содырлармен атыстың салдарынан бір шекарашы сарбаз бен Ішкі істер қызметінің бір өкілі қаза тапты. Бұл оқиға Душанбеден 60 шақырым қашықтықтағы тәжік-өзбек шекарасында орын алған. Төрт әскери көлікпен келген содырлар сөйтіп қолға түсті. Олардың көліктері де тәркіленді. Қазіргі уақытта жедел тергеу тобы құрылып, жұмыс істеуде.
Ескерте кетейік, тәжік-ауған шекарасы 1300 шақырымға созылып жатыр. Кеңес Одағы тарағаннан кейін екі ел арасындағы шекара сызығы кешегі күнге дейін нақтыланбай келді. Өткен жылдың наурыз айында ғана екі елдің президенттері кездесіп, шекараны нақтылау туралы нақты келісімге келгені белгілі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір