• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:27:01
Алматы
+12°

Сенат депутаты Еділ Мамытбеков плагиат төңірегіндегі даудан кейін білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы қызметінен босату мәселесін қозғады, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Сіздер білесіздер, бір айдан астам уақыт бойы отандық БАҚ пен шетелдік ұйымдар қазақстандық вице-министрдің плагиатын талқылап жатыр. Қазір әлемде мойындалған екі антиплагиаттық жүйе басқа біреудің ғылыми жұмысын пайдалану фактісін растап отыр. Мұндай жағдайда ведомстволық ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын пайдаланып, қазақстандық қоғамды жаңылыстыру –  мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзу болып саналады", – деп депутат жауап қатты.

Сондай-ақ "Басқаша айтқанда, бізде ғылымды басқаратын өкілетті органда объективтілік пен әділдік жоқ", – деді Мамытбеков

Одан өзге сенат депутаты "жалған ғалым" деп айыпталған вице-министрдің әлі де өз қызметінде жүргенін айтты.

Мамытбеков: "Неге әлі күнге дейін кадрлық шешім қабылданған жоқ?"– дей келе, ғылыми қоғам мен жоғары білім жүйесін өзге елдер алдында Қазақстанның беделін түсірген лауазымды тұлғаның масқарасынан құтқаруды талап етті.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір