14 Қараша, 2019 NEWS
Италияның солтүстігіндегі Трентино-Альто-Адидже облысында 40 мыңға жуық адам қалың қар салдарынан жарықсыз қалды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, ANSA агенттігіне сілтеме жасап.
Толассыз жауған қар тау жолдарын басып қалды. Шалғайдағы елді мекендермен байланыс үзілді.
Жауған қардың қалыңдығы 60 сантиметрге жетуі мүмкін. Сондай-ақ көшкін болу қаупі бар.
Одан өзге Венеция да табиғи апаттан зардап шегуде.
13 қарашаға қараған түні теңіз соңғы 50 жылдың ішіндегі рекордтық деңгейге – 187 сантиметрге көтерілді.
Су тасқыны қала тұрғындарына қиыншылықтар келтіруде. Сол себепті де туристер кетіп жатыр.
Қазіргі таңда қалада төтенше жағдай енгізілуі ықтимал.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір