• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:50:45
Алматы
+12°

Алматыда "Мен жастарға сенемін!" атты Республикалық жастар форумында  вице-премьер Бердібек Сапарбаев ел жастарына үндеу жасады, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Біз Үкімет мүшелері сіздермен кездескенімізге қуаныштымыз. Сіздер жассыздар, сіздердің бойларыңызда үлкен күш–қуат бар, жігер, қайрат, білім бар. Соның барлығын тиімді пайдалану керек. Мемлекетіміздің дамуына үлес қосыңыздар. Тұңғыш Президент күніне арналған осы шараға қызығушылық танытып, атсалысып жатқандарыңыз үшін барлығыңызға ерекше алғыс айтқым келді. Мемлекет әр уақытта сіздерді қолдаған, әрі қарай да қолдайды. Сіздерге ақжол тілейміз!", – деді Сапарбаев.

Вице-премьердің мәлімдеуінше, мемлекет жастарға өз таланттарын ашуға жағдай жасау керек.

"Қазақстандық жастар халықаралық стандарттарға сай білім алу үшін "Болашақ" бағдарламасы, еліміздің барлық өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебі арнайы құрылды. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасына сәйкес, біз жол картасын жасадық, оған еліміздің бюджетінен шамамен 300 миллиард теңге қарастырылған. Бұл аз қаржы емес, жалпы ішкі өнімнің 0,5% құрайды. Үкімет сіздерге барлық жағдайды жасауға міндетті. Атап айтар болсақ, бизнеспен айналысып, өз кәсібіңізді ашуға көмектесеміз. Ол үшін "Жас Кәсіпкер", "Жас Маман", "Бастау Бизнес" бағдарламалары жүзеге асырылуда",  – деп сөзін толықтырды Бердібек Сапарбаев.

Баяндама барсында ол Президенттің 2020 жылды Еріктілік жылы деп жариялағанын еске салды.

"Қазір біздің министрлік Еріктілер жылына қатысты іс-шаралар жоспарын әзірлеп жатыр. Мен сіздердің еріктілер қозғалысына қатысатындарыңызды жақсы білемін. Негізі әр адам өз елінің дамуына қандай үлес қосатыны жайлы ойлануы керек. Тек сонда ғана жақсы нәтижиеге қол жеткіземіз", – деп сөзін түйіндеді вице-премьер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір