18 Қараша, 2019 NEWS
Елімізде баспананың қолжетімді болуы үшін тағы бір бағдарлама енгізіледі, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Үкімет 2020-2025 жылға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады.
"Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асырудың" бірінші тапсырмасы аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіледі. Халықтың табысы негізгі фактор болады. Отбасы мүшесі үшін бір күнкөріс минимумы – 29,7 мың теңге табысы бар кезектегі адамдарға жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен басқалар үшін сатып алуға болмайтын жалдамалы баспана беріледі", – деді министр.
Атамқұловтың айтуынша, "Бақытты отбасы" бағдарламасы кезектегілерге қолжетімді болып қала береді. Олардың санатына кіретіндер – екі күнкөріс минимумы – 59,4 мың теңге табысы бар көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар.
"3,1 күнкөріс минимумы – 92 мың теңге табысы бар кезектегілер "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктің кредиттік баспанасына үміткер болады, олар – әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттегілер. 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары табысы бар тұрғындарға "7-20-25" бағдарламасы қолжетімді", – дейді Бейбіт Атамқұлов.
Министрдің сөзіне сүйенсек, 5 күнкөріс минимумы – 148,5 мың теңгеден жоғары табысы бар қазақстандықтар баспана алу үшін "Баспана-хит", "Орда", "Свой дом" секілді нарықтық бағдарламаларды пайдалана алады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір